Пятница, 29.03.2024, 18:45
Приветствую Вас Гость | RSS

ГУ Камыстинская централизованная библиотечная система

Категории раздела
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 14
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

День памяти жертв политических репрессий
01.06.2018, 08:26

Елбасының 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Осы күнге орай аудан кітапханасында Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күніне реквием-кеші өткізілді. Қостанай облысында 4 000 адам репррессия құрбаны болған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын.

Халық жаулары деген бүркемемен қаншама боздақ қуғын-сүргінге ұшырады. Қатал саясаттың азабынан жазықсыз жапа шеккендер ғана емес, олардың туған-туыстары да азап тартты. Олардың арасында ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров біздің жерлесіміз Бейімбет Майлин сынды қазақ зиялылары болды. Дегенмен ғалым бұл қиындықтарға қарамастан қажырлы, өз ұстамына берік болған екен. Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды.

Қатысушыларға «Бір халық – бір ел» сталиндік лагерь (АЛЖИР) құрбандары туралы видео-ролик көрсетілді.Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасына «Нұр Отан» партиясының өкілі, ауыл жастары, мәдениет бөлімі, ішкі саясат бөлімі, жастар бастамалар орталығы қатысты.

 

Согласно Указу Главы государства от 5 апреля 1997 года ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. В районной библиотеке проведен вечер – реквием «Память горьких лет», посвященный Дню памяти жертв политических репрессий.

В Костанайской области репрессировано около 4 000 человек. Тогда ломались устои казахского народа, ставились экономические эксперименты, шла коллективизация, и многие тысячи людей, миллионы были вынуждены покинуть свою родину.

Говорилось о жертвах лихих годин и трагических обстоятельств, репрессиях, охвативших врачей, учителей, ученых, писателей, видных общественных деятелей Казахстана, среди которых были Сакен Сейфулин, Ильяс Джансугуров, Ахмет Байтурсынов, наш земляк Бейимбет Майлин.

Воспоминания репрессированных граждан нашего района, с болью, со слезами на глазах, говоривших о прошедшем детстве, проведенном в холоде и в голоде, рано познавших взрослый труд, невозможно было слушать без содрогания. Присутствующим показан видео – ролик «Один народ – одна страна», о жертвах сталинских лагерей в Казахстане (АЛЖИР).

В мероприятии так же приняли участие: представители партии «Нур Отан», молодежь села, отдела культуры, отдела внутренней политики, центра молодежных инициатив.

 

Категория: Мои файлы | Добавил: KamBiblioteka
Просмотров: 605 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright Kambiblioteka.ucoz.ru© 2024
Бесплатный хостинг uCoz